Оқиға
1 мин оқу 3,260
Екі теміржолшыны пойыз басып кетті
<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысындағы Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз екі теміржолшыны басып кетті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>

Қайғылы оқиға 21 қаңтар, таңғы сағат 07:27 шамасында болған. Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанмен, құрам тоқтап үлгермеген. Салдарынан «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясының екі қызметкері қаза болды.
«Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді», деп жазды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Бөлісу: