Аймақтар
1 мин оқу 240

Ертіс өзенінде су деңгейі көтеріліп, 11 адам эвакуацияланды

<p style="text-align: justify;">Ертіс өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Ертіс өзенінде су деңгейі көтеріліп, 11 адам эвакуацияланды

«Қазір Ертіс өзенінің су деңгейі − 457 см. Түнде Бейбітшілік аралынан 11 адам (7 ересек, 3 бала) эвакуацияланды. Олар Семей қонақ үйіне орналастырылды. Үй жануарлары қауіпсіз жерге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдарға ыстық тамақ берілді», делінген хабарламада.

41

Әкімдіктің мәліметінше қазіргі уақытта су деңгейі төмендеген, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Әр сағат сайын су деңгейіне мониторинг жүргізіледі. 

Бөлісу:
Ертіс өзенінде су деңгейі көтеріліп, 11 адам эвакуацияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар