Теннис
1 мин оқу 170

Жерлестеріміз жүлдеден үмітті

<p style="text-align: justify;">Аустралия ашық чемпионатында жас&shy;өспірімдер арасында жерлесіміз Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты.</p>

Жерлестеріміз жүлдеден үмітті

Бастапқы кездесуінде жарыстың бірінші ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған 16 жасар теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты. Бірінші партияда ұлыбританиялық 6:3 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте тай-брейкте Әмір сәтті ойнады – 7:6 (8:6). Шешуші, үшін­ші партияда Ә.Омарханов матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3. Тартысты матч 2 са­ғат 13 минутқа созылды. Қарағанды теннис мек­тебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен таласады.

Қыздар арасында 17 жасар Асылжан Арыс­танбекова аустралиялық Талья Коки­нис­ке жол беріп, алғашқы айналымнан аса алмады.

Есесіне Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жұптық сында доданы же­ңіспен бастады. Ә.Омарханов оңтүстік­кореялық Чанджун Киммен бірге екінші ай­налымға шықты. Олар бастапқы кездесуінде испаниялық Изан Валентине/нидерландтық Тейс Богардты қапы қалдырды – 6:3, 7:5.

Омарханов пен Ким бір-бірін жақсы біледі. Енді екі теннисші жекелей сында үшінші айналымда өзара бір-бірімен кездеседі. Осыған дейін екеуі бір рет шеберлік байқасып, онда Әмір жеңген еді. Ал Асылжан Арыстанбекова бело­руссиялық Юлия Перепихинамен бірге аустралиялықтар Рени Алэйм/Алана Сиба­сичті 6:1, 6:3 есебімен ұтып, екінші айналымға өтті.

Бөлісу:
Жерлестеріміз жүлдеден үмітті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар