Футбол
1 мин оқу 160

Камара «Астанада» ойнайды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Астана&raquo; футбол клубы гвинеялық жар&shy;тылай қорғаушы Усман Камараны қатарға қосты. Келісімшарт алдағы үш жыл мерзімге жасалды. Бұл жөнінде ко&shy;манданың баспасөз қызметі мәлім етті.</p>

Камара «Астанада» ойнайды

Усман Камара 1998 жылы 28 желтоқсанда Гвинея астанасы Конакри қаласында дүниеге келген. Футболдың «әліппесін» өз елінің «Атуга» клубында үйренсе, мансабын Шве­цияның «АФК Эскильстуна» клубында бастады. Одан кейінгі жылдарда Норвегияның «Волеренга», Грузияның «Дила» клубтарында доп тепті. 2022-2023 жылдарда Грузияның «Динамо» (Тбилиси) клубының намысын қорғап, 26 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. Командамен бірге ел чемпионы және Грузия суперкубогінің жеңімпазы атанды.

Бөлісу:
Камара «Астанада» ойнайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар