Студенттің смарт жобасы
<p style="text-align: justify;">Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Саят Өрікбаев «Smart Bench» жобаcын іске асыруға кірісті. Ол күн сәулесінен қуат алатын орындықтарды орнатып, кампус ландшафтын өзгерткісі келеді.</p>

«Kyzylorda Hub» кәсіпкерлік орталығының резиденті Саят Өрікбаевтың айтуынша, Smart Bench – күннен қуат алатын «ақылды» орындық.
– Қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қызметкерлері мен студенттеріне арналған инновациялық эко-жобаның дайын үлгісі бас оқу ғимараты маңына орнатылды. Бұл жоба арқылы өңіріміздің экологиялық жағдайын жақсартуға септігімді тигізгім келеді. Күн панельдері орнатылғаннан кейін оны қолдана беруге болады, – дейді студент.
Жаңашыл студент осыған дейін «Chevron» компаниясы ұйымдастырған «Sustainability Living Lab» сайысында жобасын таныстырып, грант иеленген.
ҚЫЗЫЛОРДА