Аймақтар
2 мин оқу 140

Күншығыс елінің көмегі

<p style="text-align: justify;">Жапония мемлекетінің &laquo;Шөп тамыры&raquo; жобасының шарапатын көрген отандық медициналық нысандар аз емес. Қайтарымсыз грантты еліміздің әр қиырындағы ауруханалар жылдар бойы алып жүр. Жоба аясындағы әріптестік Жамбыл жерінде де жалғасын тапты.</p>

Күншығыс елінің көмегі

Қайтарымсыз грантты­ Талас аудандық орталық ауру­ха­на­сы­ның ұжымы жеңіп алды. Облыс орталығынан 100 шақырым қашықтықта жатқан аудандық аурухана қызметкерлері де енді жұмысын «Шөп тамыры» жобасы аясында үйлестірмек.

Күншығыс елінің Қазақ­стан­дағы Төтенше және өкі­лет­ті елшісі Ямада Джун, арнайы өкіл Комия Шимон және «Шөп тамыры» адам қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету бойын­ша­ әлеуметтік жобаларға арналған қай­тарымсыз көмек бағ­дар­лама­сы­ның үйлес­тіру­ші­лері Икэноуэ Ютаро мен Әлия Шыңғыспаева бастаған арнайы топ Қаратай қаласына арнайы келіп, жергі­лік­ті мамандарға жобаның маңыз­ды­лығын түсін­дірді.

Үйлестірушілер келтірген дерекке сенсек, «Шөп тамыры» жобасы 27 жылдан бері үздіксіз қызмет атқарып жатыр. Басты мақсаты – үкіметтік емес ұйымдар мен медициналық және білім мекемелеріне қолдау көрсету арқылы халықтың аз қамтылған санатының өмір сүру сапасын жақсарту.

«Расында да, «Шөп тамыры» – адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік жобаларға арналған қайтарымсыз көмек бағдарламасы. Жоба шеңберінде медицина орталықтарға, эко­ло­гиялық аймақтарға, оқу орындарына, мүмкіндігі шек­теулі жандарға, балалар үйіне қолдан келгенше көмек көрсетіліп жатыр. Енді, міне, жоба аясында Талас аудандық және облыстық көпбейінді ауруханаға алынған тұрмыстық-техникалық жабдықтар пайдалануға беріліп отыр. Сондай-ақ бұл жолғы ерекшелік – медициналық қалдықтарды қауіпсіз жоюға арналған пештің орнатылуы», дейді мәртебелі меймандар жағдайды түсіндіріп.

Іс-шара барысында Жа­пониядан арнайы келген ма­ман­дар емдеу мекемесіне меди­циналық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған «Веста плюс» инсинератор пешін және тоңа­зытқыш пен кір жуу машиналарын орнатты. Бұл жұмыс тех­никалық жарақтандыру жөнін­дегі жоба аясында жүзеге асырылып отыр.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың айтуынша, үздіксіз жұмыс атқарып келе жатқан жоба үйлестірушілерінің Жамбыл облысындағы ауданға назар аударғаны – құптарлық іс. Жергілікті мамандармен кез­­десу барысында күншығыс елінен келген қонақтар медицина қызметкерлерін толғандыр­ған түрлі сұраққа нақты жауап берді. Сондай-ақ олар аудандық аурухана мен емхананы аралап, емдеу ұйымының әлеуетімен танысты.

Жамбыл облысы,

Талас ауданы 

Бөлісу: