Үкімет
1 мин оқу 50

Күн тәртібі нақтыланды

<p style="text-align: justify;">Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтіп, 25 қаңтардағы Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді.</p>

Күн тәртібі нақтыланды

Соған сәйкес алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы инвес­ти­цияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл заң инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптастыру арқылы тараптардың экономикалық ынтымақтастығын жандандыруға арналған. Сондай-ақ Құжат өтемақы төлеуді, халықаралық арбитражға қол жеткізуді, елдердің шетелдік инвестицияларға әділ және тең қатынасын қамтамасыз ету арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарудан қорғауды қамтамасыз етеді.

Сенат отырысында «Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Сингапур Респуб­ли­касының Үкіметі арасындағы Инвес­ти­цияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң да қаралады.

Келісімнің негізгі міндеті – инвесторлардың инвестициялық қызметті іске асыруы кезінде олардың құқықтарының кепілдіктерін бекі­ту арқылы ынтымақтастықтың құқықтық негі­зін қалыптастыру. Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң­дар Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді. 

Бөлісу: