Экология
1 мин оқу 3,150

Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматы қаласында қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.

Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желідегі бейнежазбалардан Алматы тұрығындары үрейленіп, үйінен көшеге, далаға шығып жатқанын байқауға болады.

Бөлісу:
Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар