Сенат
1 мин оқу 215

Сенатта заңсыз көші-қон туралы заң қаралды

<p style="text-align: justify;">Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда депутаттар &laquo;Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы&raquo; заңды қарады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Сенатта заңсыз көші-қон туралы заң қаралды

Қазақстан мен Эстонияның құзыретті органдары арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы тиімді ынтымақтастық үшін құқықтық негіз қалыптастыру заңның мақсаты болып табылады. Тараптар сондай-ақ мемлекеттердің аумағында келу, болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдардың жеке басын анықтаудың және қайтаруды ұйымдастырудың тиімді рәсімдерін белгілеуді, сондай-ақ осындай адамдардың транзитін оңайлатуды көздеп отыр.

Келісімді ратификациялау уағдаласушы тараптардың құзыретті органдарының заңсыз көші-қонның алдын алу және уағдаласушы мемлекеттердің аумақтарында болуға негізі бар адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу саласындағы өзара іс-қимылы үшін құқықтық жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Бөлісу: