Хоккей
1 мин оқу 180

Үміт үзілген жоқ

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасындағы ке&shy;зекті ойынын өткізген &laquo;Барыс&raquo; Ре&shy;сей&shy;дің &laquo;Автомобилист&raquo; (Екате&shy;рин&shy;бург) командасына 2:3 есебімен жол берді.</p>

Үміт үзілген жоқ

Елордалық команда плей-офф сатысына шығу мүмкіндігін әлі де жоғалта қойған жоқ. Сондықтан барыстықтар әрбір ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.

«Барыстың» бас бапкері Олег Болякин елордада өткен кездесуде қақпаны қор­ғауға жерлесіміз Никита Бояркинді шығарды. Ол біраз уақыт бойы «Номад» командасы сапында өнер көрсеткен еді.

Кездесу барысында ресейлік клуб сапынан Степан Хрипунов 15-минутта көзге түсті. Одан кейін командалардың есепті өзгертуге бір­неше мүмкіндігі болған. Десе де бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс ене қойған жоқ.

Ойынның 50-минутында елордалық клубтан Портус Оберг таразы басын теңестірсе, одан кейін ресейлік командадан Кёртис Валк – 52, Анатолий Голышев 56-минутта қақпаны дәл көздеп, басымдықты арттырды. Ал 57-минутта «Барыс» сапынан Кристиан Хенкель мергендік танытты, есеп – 2:3.

Енді «Барыс» алдағы екі ойынын сырт алаңда өткізеді. Алдымен 24 қаңтарда Ресейде СКА (Санкт- Петербург) командасымен кез­дессе, одан кейін 26 қаңтарда «Лада» (Тольят­ти) клубымен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Үміт үзілген жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар