Оқиға
1 мин оқу 380

«1200 шаршы метрді шарпыған»: Елордада цех өртенді

<p style="text-align: justify;">Жиһаз жасайтын цехта 23 қаңтарда ірі өрт болған. Жүзге жуық өрт сөндіруші 2 сағатқа жуық уақытта өрт ошағын жойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«1200 шаршы метрді шарпыған»: Елордада цех өртенді

Хабарлама түскен соң, сағат 21:20-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Дүкенұлы көшесі, 31/11С мекенжайында болып жатқан өртті сөндіруге аттанған.

«Сағат 21:26-да жиһаз жасайтын өндірістік цехта, 1200 шаршы метр алаңда, жиһаз дайындамалары, пластмасса және резеңке-техникалық бұйымдар жанғаны анықталды. Штаб ұйымдастырылып, өрт сөндірушілер жедел әрі үйлесімді әрекеттерімен өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол бермеді. Өрт сөндірушілердің күшімен сағат 22:40-та өрт оқшауланып, сағат 23:19-да жойылды», делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 93 адамы және 18 бірлік техникасы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылған.

Бөлісу:
«1200 шаршы метрді шарпыған»: Елордада цех өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар