Медаль бұйырмады
<p style="text-align: justify;">Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасында ұлттық құрама спортшылары медаль үшін сынға түсті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Биатлоннан аралас командалық эстафетада (4×6 км) Әлема Қарабаева, Эвелина Мезенцева, Кирилл Зотов пен Антон Редькин додаға қосылып, 11-орынды місе тұтты.
Жарысты Әлема сөреде 26 құраманың ішінде 8-номермен бастаған. Бұл сайыста Италия құрамасы Олимпиада чемпионы атанды, Франция спортшылары күміс, Чехия саңлақтары қола медаль иеленді.
Биатлоннан еліміздің спортшылары жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарынан тағы да жүлдесіз қайтты.