Қоғам
1 мин оқу 190

Гимнастикаға қызығушылар көп

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысында жастар, әсіресе мектеп оқушылары арасында көркем және эстетикалық гимнастикаға қызығушылар саны артып келеді. Қазіргі таңда аталған спорт түрімен мыңнан астам бала шұғылданады. Облыстық көркем және эс&shy;тетикалық гимнастика федерациясының жуырда ғана тағайындалған президенті Аида Садат&shy;&shy;қызы &laquo;Меловой&raquo; спорт кешеніне барып, жаттық&shy;тырушылардың жұмысымен танысып, жаттық&shy;тырушылар мен спортшыларға жылы лебізін білдірді.</p>

Гимнастикаға қызығушылар көп

«Гимнастика та­бан­дылықты талап етеді. Спорт­­­тық жолыңда кезік­кен ке­дергілер мен қиын­дық­тар­ға мойымау керек. Рес­­публикалық, халық­­аралық бай­қау­ларда өнер көрсету үшін үз­дік­­сіз даярлық, жүйелі жат­тығу қажет. Алдағы Шымкент қала­сында өтетін Қа­зақ­стан чемпионатында жеңіс тілеймін», деді Аида Са­датқызы.

Бибігүл Ерназарова облыстық федерацияда 2016 жылдан бері қызмет етеді. 9 жасынан бері гимнастикамен айналысатын тәжірибелі спортшының жаттықтырушы ретін­де ең­­бек өтілі 30 жыл­ға жу­ық­­тайды.

«5 жастан бастап қыз­дар кіші, орта және үлкен топ­тарда жаттығады. Жас ерекшелігіне қарай жат­тығу уақыты 1–4 сағатқа дейін созылады. Жарыс ал­дында дайындықты күшей­теміз», дейді ол.

2024 жылы наурыз­да Маңғыстау облысын­да көркем және эсте­тикалық гимнастикадан рес­пуб­ли­калық жарыс өтеді. Атал­ған жарыста облыс бірін­шілігінде іріктелген әр разрядтан 3 топ, 5 спортшы облыс намысын қор­ғайды.

Өздері үшін барлық жағдай жасалған спорт кешенінде балғын гимнас­тар қауырт дайындыққа кіріскен.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Гимнастикаға қызығушылар көп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар