Спорт
1 мин оқу 194

Алматыда жер сілкінісіне байланысты хоккей турнирі өтпейтін болды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның хоккей федерациясы ақпан айының 1-4 күндері аралығында Алматы қаласында жоспарланған Eurasia Jastar Cup турнирінің өтпейтінін мәлім қылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда жер сілкінісіне байланысты хоккей турнирі өтпейтін болды

«Сеймологиялық жағдайға, сонымен қатар қатысушы-командалар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың 1 және 4 ақпаны аралығында Алматыда өтеді деп жоспарланған Eurasia Jastar Cup турнирін өткізбеу туралы шешім қабылданды. Турнирдің кейінірек мерзімге ауыстырылуы жөнінде қосымша хабарланады. Жанкүйерлерге қолдау үшін алғыс білдіреміз, сатып алынған барлық билеттер қайтарылады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алматыда жер сілкінісіне байланысты хоккей турнирі өтпейтін болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар