Қоғам
1 мин оқу 520
Лифтіде алкоголь ішкен астаналық полицейлер қызметтен босатылды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Желіде алкогольді сусын ішкен полиция қызметкерлері бейнеленген видео тарап, халық наразылығын тудырды. Астана қаласының полиция департаменті қызметтік форма киіп, қолына сыра ұстағандарды қызметтен босатқандары туралы хабарлады, деп жазады </span><a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Елордалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Әлеуметтік желілерде тараған бейнеге қатысты келесіні хабарлаймын: елордалық полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізді. Қызметкерлер атқаратын лауазымдарынан босатылды», деді Төлебаев.
Бөлісу: