Аймақтар
1 мин оқу 154

36 отбасының қуанышы

<p style="text-align: justify;">Қарқаралы қаласында 36 отбасы жаңа пәтерлі болып, қуанышқа бөленді. Барлығы да баспанаға мұқтаж жандар ретінде кезекте тұрған. Бұл пәтерлер мұқтаж адамдарға коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға беріліп отыр.</p>

36 отбасының қуанышы

Қарқаралы ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің орынба­сары Ерлан Құсайын мен аудан әкімі Әділжан Ар­ғынов пәтер кілттерін салтанатты тапсыру шарасына қатысып, баспаналы бол­ған отбасыларға ақ тіле­гін жаудырды.

Сөйтіп, 18 пәтер­лі екі жап-жаңа үйге қо­ныс­­танған 36 отбасы көр­ші-қолаң болып шыға келді.

Әлеуметтік санаттары бойынша айта өтсек, пә­тер алғандардың се­гізі – ата-анасының қамқор­лы­ғынсыз қалған балалар, тағы бір сегізі – көп­балалы отбасылар және жиырма адам – әлеуметтік осал топ­қа жататын жандар.

Былтыр да Қарқара­лыда 10 отбасы баспанамен қамтамасыз етілген еді. Олардың екеуінің бұ­рынғы баспанасы апатты жағдайда деп танылған, үшеуі көпбалалы ана, екеуі ата-анасының қам­қорлығынсыз қалған от­басы,  тағы да екеуі то­лық емес отбасы және бір­еуі зейнеткер кісі. Ал­дағы уа­қытта да осындай баспа­налар өңірдегі мұқ­таж жан­дарға кезекпен, ау­дан­дық тұрғын үй комис­сия­сының қадағалауымен беріле береді.

 

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы

Бөлісу:
36 отбасының қуанышы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар