Аймақтар
1 мин оқу 240

Алматы маңында бір сағат ішінде үш рет жер сілкінісі тіркелді

<p style="text-align: justify;">26 қаңтарда сейсмологтар Алматы маңында бір сағатта үш рет жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ғылыми орталығына сілтеме жасап.</p>

Алматы маңында бір сағат ішінде үш рет жер сілкінісі тіркелді

Бірінші жер сілкінісі сағат 07:14-те тіркелді, оның ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 272 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

- Жер сілкінісінің энергетикалық класы -10.2.

- MPV магнитудасы - 4,5.

- Тереңдігі - 5 км.

MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат жоқ. 

Сағат 07:55-те жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 287 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

- Жер сілкінісінің энергетикалық класы -11.3.

- MPV магнитудасы - 5.0.

- Тереңдігі - 10 км.

MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат тіркелмеген.

Сағат 08:26-де тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде орналасқан.

- Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.9.

- MPV магнитудасы - 4,7.

- Тереңдігі - 5 км.

MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат жоқ. 

Бөлісу:
Алматы маңында бір сағат ішінде үш рет жер сілкінісі тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар