Ауа райы
1 мин оқу 960

Қар, тұман, көктайғақ: сенбіде елдің бірнеше өңірінде күн бұзылады

<p>"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 27 қаңтарда еліміздің 10 өңірінде жаяу бұрқасын мен екпіні күшті жел соғып, тұман түсіп, көктайғақ болатынын болжады және бірнеше өңірде қар жауады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қар, тұман, көктайғақ: сенбіде елдің бірнеше өңірінде күн бұзылады

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының шығысында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 болады. 

Ақмола облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші – 15-20 м/с.

Шымкенте түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында қар жауады, бұрқасын болады. Облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні – 15 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында түнде екпіні – 15-20 м/с. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Бөлісу:
Қар, тұман, көктайғақ: сенбіде елдің бірнеше өңірінде күн бұзылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар