Оқиға
1 мин оқу 853

Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты

<p style="text-align: justify;">Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты. Оқыс оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты

Алматы қалалық полиция департаменті жол апаты 27 қаңтар таңғы сағат 09:00-де Алатау ауданында болғанын мәлім етті.

Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі, 2003 жылы туған азамат И. Емцов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, автобусқа соқтығысқан.

«Оқиға салдарынан жеңіл машина жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Автобустың төрт жолаушысы медициналық көмекке жүгінді», деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға бойынша Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу: