Спорт
1 мин оқу 240

Мария Дмитренко Әлем кубогінде чемпион атанды

<p style="text-align: justify;">Стенд атудан Каирде (Египет) өтіп жатқан әлем кубогінің кезеңінде &laquo;Трап&raquo;бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко топ жарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мария Дмитренко Әлем кубогінде чемпион атанды

Алтын жүлде үшін өткен тартысты сайыста 35 жастағы отандасымыз Токио Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Фатима Галвез және Токио Олимпиадасының екі мәрте жүлдегері Алессандра Периллиден озды.

Мария Дмитренко — 40 ұпай;

Фатима Галвез — 39 ұпай;

Алессандра Перилли — 32 ұпай.

Айта кетейік, Египетте ұйымдастырылған турнирде әлемнің 65 елінен 700 сұрмерген бақ сынап жатыр.

Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.

 
Бөлісу:
Мария Дмитренко Әлем кубогінде чемпион атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар