Жеңіл атлетика
2 мин оқу 161

«Алтын» деңгейдегі турнир

<p style="text-align: justify;">Астана қаласында алғаш рет өткен &laquo;Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes&raquo; халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.</p>

«Алтын» деңгейдегі турнир

Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, жарысқа 45 елден 136 спортшы қатысты. Оның ішінде 4 Олимпиада чемпионы, 10 әлем чемпионы, 3 Еуропа чемпионы, 1 Азия чемпионы және 2 қазіргі әлем рекордсмені бар.

Атап айтсақ, турнирге сы­­рықпен секіруден Токио олим­пиа­дасының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы, тағы күміс жүлдегері, қазіргі әлем ре­кор­дының иесі (6,23 м) Арман Дуплантис (Швеция) қатысты.

сми

200 метрге жүгіруде Гауһар лига финалының жеңімпазы Андре де Грасс (Канада), 100 метрге кедергі арқылы жүгіру­ден әлем чемпионы, Рио олим­пиадасының күміс жүлдегері Ниа Али, 100 метрге кедергі арқылы жүгіруден әлем чемпионы Тоби Амусан секілді жеңіл атлетика жұлдыздары да бақ сынады.

– Бәсекеде 5.80 метр биіктікке секіріп, 1-орын алсам да, көр­сет­кішіме көңілім тол­майды. Неге? Ұзақ уақыт ұшақпен ұшу, уа­қыт айыр­ма­шылығы, ағзамның дер кезінде бейімделмеуі үздік көр­сеткішті тіркеуіме кедергі кел­тірді. Алдағы уақытта Астанада тағы да осындай ірі жарыс болса, келуге тырысамын, – деп жабық кешендегі жеңіл атлетикадан соңғы әлем рекордын жаңартқан Арманд Дуплантис жарыс жайлы ойымен бөлісті.

Қазақстан сапынан ең үздік нәтижені биіктікке секіруден 2-орын алған (1,90 метр) Надежда Дубовицкая (суретте) көрсетті.

– 2024 жылдағы бастапқы жарыстарымның бірі. Былтырғы нәтижемен салыстырған көрсет­кішім әлдеқайда жақсы. Елімізде «алтын» деңгейлі турнирдің өткені өте жақсы. Шынымды айтсам, көп көрермен жиналады деп ойламадым. Маған ғана емес, еліміздің жас спортшылары әлемдік деңгейдегі жұлдыз­дармен бірге бақ сынау олардың нәтижелері мен ынталарын кү­шейтетіні анық. Бір аптадан соң Астана қаласында кезекті ел чемпионаты басталады. Артынша көктемде Шотландиядағы әлем чемпионатына дайындыққа кірі­семін, – деді жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүл­дегері Н.Дубовицкая.

Жарыс қорытындысы бойынша чемпион атанған спортшылар көктемде Глазгода (Шотландия) өтетін жабық кешендегі әлем чем­­пионатына тікелей жолдама алды.

Бөлісу:
«Алтын» деңгейдегі турнир · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар