Спорт
1 мин оқу 670

Дубайда тағы да дара келді

<p style="text-align: justify;">Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары мәре сызы&shy;ғын тағы бірінші болып кесті. Тілек Мұқан&shy;бет&shy;қалиевтің тұлпары Кәбірхан &laquo;Al Maktoum Challenge&raquo; турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде топ жарды.</p>

Дубайда тағы да дара келді

Атақты «Meydan» ипподро­мында өткен «Al Maktoum Challenge» – барша әлем көз тік­кен мәртебелі бәйге. Аталған бәйгеде 12 тұлпар жарыс жолына шық­ты. Оның ішінде экс-чемпион Мими Какуши және классика­ның үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды.

сми

Дубайдағы беделді бәйгеде жеңіске жеткен сәйгүліктің иесі Тілек Мұқан­бет­қалиевті 27 қаң­тарда Астана әуежайынан Ұлттық спорт қауымдастығы мен бірнеше БАҚ өкілдері күтіп алды.

– Барлығы ойдағыдай өтті. Қатты қуандық. Бұл Қазақстан тарихында болмаған жайт. Алда жоспар көп. 30 наурызда 27-рет өтетін Дубай кубогіне қатысамыз, – деді Кәбірханның иесі.

Бөлісу:
Дубайда тағы да дара келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар