«Террористік ұйымға қатысы болуы мүмкін». Күдіктіні елге әкелді
<p style="text-align: justify;">27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін күдікті, 22 жастағы Қазақстан азаматы Ыстанбұлдан Алматыға депортацияланды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>

«Тергеу материалдарына сәйкес көрсетілген Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген. Оны ұстауды және отанына беруді ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауымен ұйымдастырды.
Ұсталғанға қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны» жазылған ақпаратта.