Аймақтар
1 мин оқу 110

Енді сырттан сұйық газ алмайды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысы сұйытылған газға деген қажеттілігін жаба бастады. Бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев хабарлады.</p>

Енді сырттан сұйық газ алмайды

«Құрметті жерлестер! Есте­ріңізде болса, Мемлекет бас­шысының тапсырмасы аясында осыдан бір ай бұрын облысымызда Үкімет басшысының қатысуымен «Рожковское» газ кен орны іске қосылған еді.

Аталған іс-шара барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат бергенімде жаңа кен орны облысымыздың сұйытылған газға деген сұ­ра­нысын жабатынын айтқан едім.

Енді, міне, араға тура бір ай салып, кен орнынан өндірілген 1 100 тонна сұйытылған газ облыс қажеттілігіне бөлінді. Енді ай са­йы­н осындай көлемде cұйы­тылған газ өңірге жеткізіліп тұра­ды.

2024 жылдың соңына дейін кен орнында 4 ұңғыманы пай­да­ла­нуға беру жоспарда бар. Осы­лай­ша, өн­діріс қуатын арттырып, бұрын­ғыдай сұйы­тылған газды басқа облыстардан әкелуден арыламыз.

Бұл – бірлескен еңбектің нәтижесі. Өндіріс орнында еңбек етіп жүрген газ саласының барша қызметкеріне ризашылығымды білдіремін!», деп жазды БҚО әкімі.

Батыс Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Енді сырттан сұйық газ алмайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар