Спорт
1 мин оқу 171

Қазақстан каратэшілері премьер-лига додасында үш медаль олжалады

<p style="text-align: justify;">Франция астанасы Парижде WKF каратэден әлемдік рейтингте топ 32-ге кіретін спортшылар ғана қатыса алатын &laquo;Karate 1 Premier league&raquo; сайысы өтті. Қаңтардың 26-28 күндері аралығында өткен премьер-лига бәсекесінде жерлестеріміз 3 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан каратэшілері премьер-лига додасында үш медаль олжалады

Нақты атағанда, Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Гүлмира Үсенова (55 келі), Абылай Төлтай (+84) өз салмақтары бойынша үшінші орын тұғырынан көрініп, қола медальды еншіледі.

Спорт комитеті мәлім еткендей, аталған турнирде 66 елдің 366 спортшысы 10 салмақ бойынша жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Бөлісу: