Әлем
1 мин оқу 263
Қытайда екі жер сілкінісі тіркелді
<p style="text-align: justify;">Қытайда тағы екі рет жер сілкінді. Бұл туралы Қытайдың сейсмикалық желі орталығы (CENC) хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Магнитудасы 5,7 сейсмикалық оқиға жергілікті уақыт бойынша 6:27-де Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында, Қазақстан шекарасына жақын жерде болды. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қытайдың Ақсу уезінен батысқа қарай 125 шақырым және Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жерде тіркелді. Зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Сондай-ақ Бейжіңде сағат 9:44-те қуаты 3,9 балдық жер сілкінісі болды. Ол Акчи округінде тіркелді. Ғимараттардың қирауы мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Бөлісу: