Қоғам
1 мин оқу 125

Министр жеке бақылауына алды

<p style="text-align: justify;">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында еліміздің әр өңірінен келген 11 адамның мәселесін қарады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Министр жеке бақылауына алды

Қабылдауға келген азаматтар министрге еңбек даулары бойынша қанағаттанарлықсыз шешімдер, өндірістегі жазатайым оқиғалар, мүгедектік тобын белгілеу және жеке көмекшілерді іріктеу жөніндегі мәселелер, мүгедектігі бар адамдар мен көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары жөнінде сауалын қойды.

«Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды», делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Министр жеке бақылауына алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар