Заңға қайшы келген 16 конкурстың қорытындысы жойылды
<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының актісі бойынша құны 8,3 млрд теңгеден асатын 16 конкурстың қорытындысы жойылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.</p> <p> </p>

«Күшін жоюға қаржылық тұрақтылық индикаторы негізінде әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектейтін тапсырыс берушілердің келісім-шарттарды орындау мерзімін ұлғайту фактілері негіз болды. Мысалы, Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан ауданының әкімдігі үш жылдық мерзімге 136 миллион теңгеге ағаштарды санитарлық кесуге конкурс жариялаған. Бұл бір жылдан астам келісім-шарт жасасу негіздерінің толық тізбесін қарастыратын Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына қайшы келеді», делінген ақпаратта.
Заң бұзушылық қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталып, прокуратура қызметкерлері бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.