Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметіне кірісті
<p style="text-align: justify;">2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне кірісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл қызметке Бақытжан Сағынтаев өткен жылдың 25 желтоқсанында тағайындалған. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы 1 ақпан, яғни бүгіннен бастап жұмысын бастады.
Сонымен қатар ЕЭК алқасының мүшелері (министрлер) бекітілді:
ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі - Гохар Барсегян;
ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрі - Варос Симонян;
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі - Максим Ермолович;
ЕЭК Техникалық реттеу министрі - Валентин Татарицкий;
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі - Бақыт Сұлтанов;
ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі - Эльдар Әлішеров;
ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым министрі - Арзыбек Қожошев;
ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі - Сергей Глазьев;
ЕЭК Сауда министрі - Андрей Слепнев.