Оқиға
1 мин оқу 250

«Өзен» кен орнында жұмысшы көз жұмды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Өзенмұнайсервис&raquo; ЖШС қайғылы оқиға туралы түсініктеме берді. 27 қаңтарда &laquo;Өзен&raquo; кен орнындағы ұңғымалардың бірінде күрделі жөндеудің түнгі ауысымында жазатайым оқиғадан мердігер компания &ndash; &laquo;МұнайСпецСнабКомпани&raquo; ЖШС жұмысшысы көз жұмған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. &nbsp;</p>

«Өзен» кен орнында жұмысшы көз жұмды

Мәлімдемеде: «Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын және себептерін анықтау, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін мемлекеттік еңбек инспециясының жетекшілігімен комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл жағдай жұмыс беруші компания «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС мен «Өзенмұнайсервис» ЖШС басшылығының ерекше бақылауында», делінген.

Аталған жұмыс беруші компания тарапынан қаза болған жұмысшының отбасына қажетті материалдық көмек көрсетілетіні қоса хабарланды. 

Бөлісу:
«Өзен» кен орнында жұмысшы көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар