Аймақтар
1 мин оқу 412
ШҚО-да қылмыс бойынша сотталғандар мектепте күзетші болған
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек кодексін бұзу деректерін анықтады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тергеу барысында облыста қылмыстық тарихы бар мұғалім мен 2 күзетші мектепте жұмыс істеп келгені мәлім болды.
Сонымен қатар балалармен тікелей байланыста жасалатын істе психиатриялық ауытқудың «Д» есебінде тұратын 1 адам қызмет атқарғаны анықталды. Олар талапқа сай жұмыстан шығарылды.
Прокуратура білім беру ұйымдарында еңбек шартын түзуге рұқсат етілмеген тұлғаларды қабылдаған мектеп директорын әкімшілік жауапкершілікке тартып, 25 АЕК көлемінде айыппұл салды.
Бөлісу: