Футбол
1 мин оқу 372

Абат Айымбетов ресми түрде түркиялық клубқа ауысты

<p style="text-align: justify;">Қазақстан ұлттық құрамасы мен&nbsp;&laquo;Астана&raquo; футбол клубының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады. Ол енді&nbsp;&laquo;Адана Демирспор&raquo; футбол клубында өнер көрсетеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Абат Айымбетов ресми түрде түркиялық клубқа ауысты

«Біздің Абат мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады. Ұлттық құраманың шабуылшысы Абат Айымбетов «Адана Демирспор» командасының ойыншысы атанды. Қос тарап 1.5+1 жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойды. Сәттілік серік болсын, Абат», делінген Қазақстан футбол федерациясының хабарламасында.

Түркиялық «Адана Демирспор» 2023-2024 футбол маусымында кестеде 20 команданың ішінде әзірге 8-орынға жайғасқан. Енді Абат Айымбетов Марио Балотелли, Нани сынды танымал футболшылармен бір клубта доп тебеді.

Абат түркиялық клубта «Миланның» экс-ойыншысы, сенегалдық М’Бая Ньянганың орнын басады.

Айта кетейік, Абат кейінгі ел чемпионатында «Астана» сапында 45 матч өткізіп, 10 гол соққан. 3 нәтижелі паспен көзге түскен.

аа

Бөлісу:
Абат Айымбетов ресми түрде түркиялық клубқа ауысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар