Елімізде күн жылынады
<div class="description" style="text-align: justify;">Синоптиктер алдағы үш күнге, 3-5 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </div>

Болжам бойынша, демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдайды Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклон анықтайды.
«Елдің басым бөлігінде қарлы боранмен, екпінді жел және көктайғақ, әр түрлі фазаларда бұлттылық пен ошақты жауын-шашын болады. Атлантикалық циклон да республиканың барлық дерлік аумағында температураның біртіндеп көтерілуіне себеп болады», деп хабарлады Қазгидромет.
Синоптиктердің айтуынша, республиканың оңтүстік облыстарында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.