Елорда
1 мин оқу 661
Астанада 8 бағытқа жаңа автобус қосылады
<p style="text-align: justify;">Астана қаласының әкімдігі 5 ақпаннан бастап 8 бағытқа жаңа автобустар қосылатынын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сегіз қалалық маршрут 21 жаңа автобуспен толығады.
«Автобустар мына бағдарларға қосылады:
- № 3 бағдарда 3 бірлікке, (15 автобус)
- № 13 бағдарда 4 бірлікке (14 автобус)
- № 20 бағдарда 2 бірлікке (15 автобус)
- № 21 бағдарда 2 бірлікке (16 автобус)
- № 30 бағдарда 2 бірлікке (14 автобус)
- № 44 бағдарда 4 бірлікке (16 автобус)
- № 72 бағдарда 2 бірлікке (14 автобус)
- № 73 бағдарда 2 бірлікке (14 автобус)», делінген әкімдік хабарламасында.
Сондай-ақ әкімдік қаланы қоғамдық көлікпен қамту қызметін жүйелеу мақсатында қай маршуртта жолаушылар көп болатынын бағамдап отыру үшін жол ақысын төлеудің маңыздылығын атап өтті.
Бөлісу: