Президент
1 мин оқу 190

Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасына бірқатар тапсырма берді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.&nbsp;Мемлекет басшысына Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасына бірқатар тапсырма берді

Наталья Годунованың айтуынша, есеп беріліп отырған кезең ішінде 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілгенін жеткізді.

Сонымен қатар Президентке өткен жылдың 4-тоқсанында аяқталған жекелеген аудиторлық тексеру жұмыстарының қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:
Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасына бірқатар тапсырма берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар