Қоғам
1 мин оқу 2,190

Ел тұрғындары наурыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды

<p style="text-align: justify;">2024 жылдың наурыз айында ел тұрғындары мереке және демалыс күндерін қоса есептегенде 14 күн демалады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ел тұрғындары наурыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды

Алдағы айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.

Азаматтарға арналған электронды үкімет порталында 2024 жылға арналған Республикадағы мереке және демалыс күндері жарияланған.

Кестеге сай 8 наурыз мерекесі жұма күніне тұс келуіне байланысты 8,9,10 наурыз демалыс күндері болып есептеледі.

Ал Наурыз мерекесіне орай 21,22,23,24,25 наурыз демалыс күндеріне жатқызылған.

Наурыз айының 23-і сенбіге тұс келетіндіктен 25 наурыз дүйсенбі демалыс деп белгіленген. (5 және 6 күндік жұмыс аптасына қарай демалыс ішкі тәртіппен реттеледі)

Порталда Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы екені де ескертілген.аа

Кесте: egov.kz

Бөлісу:
Ел тұрғындары наурыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар