Оқиға
1 мин оқу 1,100
Ақтөбе облысында қыз бала жоғалып кетті
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысы полиция департаменті кәмелетке толмаған Ракип Еңлік Дәулетиярқызын іздеп жатыр. 1 ақпанда үйінен шығып кеткен ол әлі оралмаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ол 2007 жылғы, бойы шамамен 160-165 см, дене бітімі - арық, шашы - ұзын қара, көздері - үлкен, ерні - қалың, қасы - доға тәріздес.
Киімі: қоңыр түсті қысқа куртка, ақ-сұр жолақты шалбар, ақ етік. Ерекше белгілері жоқ», делінген хабарламада.
Осы орайда аталған полиция департаменті инстаграм парақшасында ол туралы қандай да бір білетіндер болса, 102 немесе 8 776-546-66-66 нөміріне хабарлауды сұрады.
Бөлісу: