Теннис
1 мин оқу 115
Александр Бублик Монпелье турнирінің финалына өтті
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан теннисшісі жартылай финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда канадалық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші сетте Бублик ойын тізгінін қолына алды - 6:4, 6:4.
Екі сағат 37 минутқа созылған матчта Бублик 14 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.
Бөлісу: