Денсаулық
1 мин оқу 2,232

Күн сайын 10 мың қадам жүрсеңіз, ағзада қандай өзгерістер байқалады?

<p style="text-align: justify;">Күнделікті жаяу жүрудің, тіпті жай ғана аяңдаудың денсаулыққа пайдасы зор, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күн сайын 10 мың қадам жүрсеңіз, ағзада қандай өзгерістер байқалады?

Адам ағзасы үшін қимыл-қозғалыс саламатты өмірдің бір кепілі. Ал күн сайын кемінде 10 мың қадам жүретін болсаңыз, ағзада байқалатын өзгерістер:

- Аяқ бұлшықеттерін қатайтады, төзімділік пен табандылыққа жол бастайды. Белсенді физикалық жаттығулар бұлшықетті ғана нығайтып қоймай, жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмысын да жақсартады.

- Жүрекке пайдалы ең қарапайым жаттығу. Қандағы холестерин мен қысымды төмендетуге көмектеседі, жүрек бұлшықетін қалыпқа келтіреді.

- Күнделікті жаяу жүріп серуендеу артық салмақ қоспаудың бір себепкері. Қимылдау арқылы ағзадағы зат алмасу, асқазан-ішек жолдары қызметі жақсарады.

- Физикалық белсенділіктен бақыт гормоны эндорфин бөлінеді. Бұл арқылы адамның көңіл-күйі көтеріліп, күйзелісі азаяды. Таза ауада серуендеу де ағзаның тынығуына пайдалы.

- Жаяу жүру ағзаға көп салмақ түсірмейтін жаттығу. Сүйекті қатайтып, остеопороз дертіне шалдықпауға көмектеседі.

Бөлісу: