Оқиға
1 мин оқу 164

Астанада балаларды белгісіз біреу соққыға жыққан

<p style="text-align: justify;">Кеше әлеуметтік желіде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз ер адамның екі баланы соққыға жыққан видеосы тарады. Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсінік берді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада балаларды белгісіз біреу соққыға жыққан

Видеодан ер адамның бір баланы соққыға жығып, екіншісін қылғындырғанын байқауға болады. Желі қолданушылары оқиға «Эдем палас-2» тұрғын үй кешенінде болғанын жазды.

Ал полиция бұзақының қолға түскенін хабарлады.

«Байқоңыр аудандық полиция басқармасы «Эдем палас-2»  тұрғын үйінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген полиция мәлімдемесінде.

Бөлісу: