Қазақстан
1 мин оқу 460

Сарапшылар Кабирханды 20 миллион долларға бағалады

<p style="text-align: justify;">31 қаңтарда Алматы қаласы ипподромында &laquo;Кабирхан &ndash; Қазақстаннан шыққан Чемпион&raquo; атты баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> baige.federation инстаграм арнасына сілтеме жасап. &nbsp;</p>

Сарапшылар Кабирханды 20 миллион долларға бағалады

Иесінің айтуынша Кабирханның елге мәлім жеңісінің арқасында, Дубайда өтетін Әлем кубогіне жолдама алған. Финал 30 наурызда өтеді.

«Мейдан ипподромына әлемнің түкпір-түкпірінен, ең мықты деген сәйгүліктер, шабандоздар мен бапкерлер жиналады. Кабирханды екі апта тынықтырамыз, одан кейін жақсылап дайындалуға кірісеміз», дейді жүйріктің иесі Тілек Мұханбетқалиев.

«Иесі өз сәйгүлігін, Дубайдағы жеңісінен кейін, 1 миллион долларға сатудан бас тартты. Сарапшылар оны енді 20 миллион доллар тұрады деп, бағалап отыр», деп жазды baige.federation инстаграм арнасы.

Бөлісу: