Қоғам
1 мин оқу 130
Көкшетауда аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері қамауға алынды
<p style="text-align: justify;">Көкшетауда Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының хабарлауынша, сот қаулысымен «Д-ға» қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы екі ай мерзімге санкцияланды.
«Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары «Д.» жеке меншікке қарсы ауыр қылмыс (ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы «Алаяқтық») жасады деген күдікке ілінді», деп хабарлады Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу: