Қоғам
1 мин оқу 184

Атырау ұландықтары қырағылық танытты

<p style="text-align: justify;">Атырауда психотроптық дәрі-дәрмектерді колонияға әкелу әрекеті тоқтатылды, деп&nbsp; хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz&nbsp;</a>&nbsp;Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сүйеніп.</p> <p>&nbsp;</p>

Атырау ұландықтары қырағылық танытты

«Атырау ерлер колониясы жедел бөлімінің бастығы Мұратбек Бермахановтың хабарлауынша, тыйым салынған заттар 29 қаңтарда ҚР Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп ҚАЖД №15 мекемесінің жедел қызметкерлері тексерген кезде «Еңбек Батыс» РМК «Газель» автокөлігінен табылған.

Көлік жабық мекемеге азық-түлік әкеледі. Тексеру кезінде еттің арасына тығылып салынған екі бөтелке психотроптық дәрі-дәрмектері бар жасырын байлам табылды: 87 Трамадол таблеткасы», делінген ақпаратта. Осы  дерек бойынша, полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 

Бөлісу: