Теннис
1 мин оқу 100

Монпельедегі мерейлі сәт

<p style="text-align: justify;">Францияның Монпелье қаласында теннистен жүлде қоры 579 320 еуроны құраған &laquo;АТР 250&raquo; турнирі аяқталды. Финалдық сайыста Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик хорватиялық Борна Чоричпен күш сынасты.</p>

Монпельедегі мерейлі сәт

Бублик финалға дейін канадалық Денис Шаповалов (№137), жуырда ғана Қазақ­стан азаматтығын алған Александр Шевченко (№59) және Үйеңкі жапырақтары елінің тағы бір өкілі Феликс Оже-Альяс­симнен (№30) айласын асырды. Ал шешуші кездесудің алғашқы сеті Борна Чоричтің жеңі­сімен аяқталса, қалған екеуінде Алек­сандр Бублик басымдық танытып, бас жүлдені олжалады. Есеп – 5:7, 6:2, 6:3. Осы табысы арқылы ол 88 125 еуроны еншіледі.

Бұл күндері Дубайда тұрып жатқан 27 жастағы Загреб қаласының тумасы Б.Чорич өзінің спорттық мансабында АТР турнирлерін үш рет ұтты. 2019 жылы Аус­тралияның ашық біріншілігінің төртінші кезеңіне дейін жетсе, 2020 жылы «US Open» додасының ширек финалында ойнады. Бес рет Ролан Гарростың үшінші айналымында өнер көрсетті. Осыдан бес-алты жыл бұ­рын Борна әлемдік рейтингте 12-орынға дейін көтерілген. Қазіргі кезде ол 37-сатыға тұрақтады.

Бөлісу:
Монпельедегі мерейлі сәт · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар