Байқау
1 мин оқу 132

Халықаралық қор қолдау көрсетті

<p style="text-align: justify;">Өскемендегі Оралхан Бө&shy;кей атындағы орталық кітап&shy;ха&shy;наның №2 бө&shy;лім&shy;шесі бұ&shy;қаралық кітап&shy;ханалар арасында өткізілген &laquo;2023 &ndash; жа&shy;ңашылдық үшін&raquo; атты бай&shy;қауда &laquo;EIFL&raquo; халықаралық қо&shy;&shy;рының қаржылай сый&shy;лығы мен кубогіне ие болды.</p>

Халықаралық қор қолдау көрсетті

Байқау жұмыстарын ба­ғалаудағы басты шарт кітап­хана бағдарламалары мен қыз­меттерінің заманауи үлгіде болуы еді. Дәстүрлі байқаудың жыл сыйақысы үш аталым бойынша берілді: «Интернеттегі қа­уіп­сіз­дік», «Климаттың өзге­руіне қар­сы қарекет» және «Мәжбүрлеп кө­шірілген халықтың сандық үл­гідегі ықпалдасуы».

Ал №2 кітапхана бөлімшесі «JasylUi» эко-орталығы «Климаттың өзгеруіне қарсы қарекет» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл жобаның өзектілігі – цифрлық үлгідегі заманауи технология арқылы қоршаған ортаны зерттеп, зерделеуді үйрету арқылы жас ұрпақтың экологиялық сауатын дамыту еді. Осы бағыттағы жобаны жүзеге асыруға «Samruk-Kazyna Trust» Қазақстан қоры қолдау көрсетті. Нәтижесінде, «JasylUi» эко-орталығында ба­ла­ларға арналған экозертхана ашылып, қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Электронды микроскоп, «Жас эколог» құралдар жи­ынтығы, ауа, су, топырақ құ­рамын зерттейтін құ­ралдар, 3D принтер және ин­терактивті панель­ді оқушылар өз зерттеу тәжі­рибелерінде пайдалану мүм­кіндігіне қол жеткізді. Қазір олар өсімдікті топырақсыз өсіріп (гидропоника), тәжірибе жүргізіп жүр. Өсімдікті топырақсыз автоматты суару тәсілі арқылы өсіру құрал-жабдығы тұқымның өсіп-өну кезеңін жас зерттеушілердің мұқият бақылауына мүмкіндік береді.

Бұған дейін халықаралық бай­қауда Африка, Азия, Еуро­па, Ла­тын Аме­рикасы мем­лекетте­рінің же­­ңім­паздары марапатталып келсе, биыл Оралхан Бөкей атындағы кі­тап­ха­наның №2 бөлімшесі ие болды.

ӨСКЕМЕН 

Бөлісу:
Халықаралық қор қолдау көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар