Оқиға
1 мин оқу 310

Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілер төбелесті (видео)

<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде тасжолда төбелескен жүргізушілердің видеосы тарап кетті. Видеода ашулы жүргізушінің&nbsp; машинаның ішіне ентелей кіріп екінші жүргізушіні ұрып-соққанын көруге болады. Төбелес тасжолдың ортасында болған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілер төбелесті (видео)

Жедел іздестіру нәтижесінде полицейлер төбелескен азаматтарды тапты. 

«Алматы облысының 36 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын зерттеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», деді облыстық полиция басшысы Бауыржан Әленов.

Оқиғаны Қарасай аудандық полицейлері бұзақылық дерегі бойынша тіркеді.

Бөлісу:
Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілер төбелесті (видео) · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар