Ауа райы
1 мин оқу 382

Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз күтіледі

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 8-10 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз күтіледі

Алдағы үш күнде Қазақстан кезекті Атлантика циклоны әкелетін атмосфералық фронттардың әсерін сезеді. Еліміздің солтүстігінде желдің екпіні — 23-28, кей уақытта 30 м/с дейін күшейеді. Жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік аймақтарда қалың қар жауып, бұрқасын соғады. 

Сондай-ақ циклон ауа температурасына қысқа мерзімді жылыну әкеледі. Ол аз уақытта аязға алмасып, күн күрт суытады. Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында 10 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 12-20 градус аязға дейін төмендейді.

Ал елдің қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды. 

Бөлісу:
Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз күтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар