Хоккей
1 мин оқу 80

Сәтсіздік сегіз ойынға жетті

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген &laquo;Барыс&raquo; соңғы екі кездесуін өз мұз айдынында Хаба&shy;ровскінің &laquo;Амурына&raquo; қарсы өткізді.</p>

Сәтсіздік сегіз ойынға жетті

Алғашқы бәсеке біздің команда үшін сәтті басталды. Матчтың 5-минутында Роман Старченко есеп ашты. Үзілістен кейін Алекс Броадхёрст таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде хабаровскілік Ян Дрозг пен астаналық Аркадий Шестаков бір-бір голдан соқты. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды. Овертайм басталған бетте Владислав Барулин нысананы дәл көздеп, Қиыр шығыстан келген командаға жеңіс сыйлады – 2:3.

Екінші ойында «Барыс» дәрменсіздік танытты. Алғашқы екі кезеңде қос ұжым бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Соңғы 20 минутта «Амурдың» беткеұстарлары Владислав Барулин мен Дмитрий Шевченко екі рет шайбаны қақпаға тоғытты – 0:2. Сөйтіп, елордалық хоккейшілер қатарынан сегізінші ойында ұтылып, жарыс кестесіндегі жағдайын одан әрі қиындата түсті.

Бөлісу:
Сәтсіздік сегіз ойынға жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар