Футбол
1 мин оқу 110

Армениямен айқасамыз

<p style="text-align: justify;">Қазақстан мен Армения ұлттық құ&shy;ра&shy;малары 7 маусымда Еревандағы Ваз&shy;ген Саркисян атындағы стадионда жол&shy;дас&shy;тық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.</p>

Армениямен айқасамыз

Бұл ақпаратты еліміздің футбол федерациясы таратты. Армения құрамасы ФИФА рейтингінде жерлестерімізден жеті саты жо­ғары тұр. Яғни олар – 93-орында. Қазақстан – 100-орында. Олардың бағындырған пәлендей белестері жоқ. Десек те аталған команданың сапында Еуропа мен Азияның ортаңқол клубтарында өнер көрсетіп жүрген бірнеше жақсы ойыншы бар. Бұл елдің бас­ты жұлдызы кезінде Донецкінің «Шахтер», Дортмундтың «Боруссия», Англияның «Ман­честер Юнайтед» пен «Арсенал» және Ита­лияның «Ромасында» шеберлігін шыңдап, бұл күндері Миланның «Интер» клубының намы­сын қорғап жүрген Генрих Мхитарян осы­дан екі жыл бұрын ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтағанын ресми түрде жария етті.

Осы командалар өзара жеті мәрте кез­де­сіп, соның төртеуінде армения­лықтар­дың асы­ғы алшысынан түсті. Қазақстан екі рет жеңіс тойын тойлады. Тағы бір матч тең аяқталды.

Бөлісу:
Армениямен айқасамыз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар