Аймақтар
1 мин оқу 520

Басты күдікті – анасы: Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бүлдіршіннің мәйіті табылды

<p>7 ақпанда Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың денесі табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Басты күдікті – анасы: Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бүлдіршіннің мәйіті табылды

Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов хабарлады. Оның айтуынша, балалардың анасы құрбысына телефон соғып, екі баласы өліп жатқан пәтердің мекен-жайын айтқан.

- Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде”,-дейді Қабденов.

 Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жіберілген.

Бөлісу:
Басты күдікті – анасы: Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бүлдіршіннің мәйіті табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар